Санжар Боқаев 900 мың теңгеге трактор алып, утильалымның былығын ашты (ВИДЕО)

Бұл кешеннің құрылысы 2021 жылы желтоқсан айында әкімдікпен және auto Recycling компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған, сондай-ақ мемлекеттен 5 миллиард теңге қаражат бөлінген.

Белгілі саясаттанушы Санжар Боқаев Орталық Азиядағы мен Қазақстандағы алғашқы Қостанайдағы пайдаланудан шыққан ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдейтін кешеннің жұмысының былығын ашты. 

Кешеннің құрылысы 2021 жылы желтоқсан айында әкімдікпен және auto Recycling компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған, сондай-ақ мемлекеттен 5 миллиард теңге қаражат бөлінген. Бастапқыда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Қостанай облысының әкімінің қатысуымен бұл обьектінің тракторлар мен комбайндарды қайта өңдеуге, металды тасымалдауға арналғанын жариялап, қолданысқа берілетінін мәлімдеген.

Боқаев қайта өңдеу кешенінің шын мәнінде жоқ екендігін, сонымен қатар халықты алдап, мемлекеттен бөлінген қаншама ақшаның сол кешенге текке кеткенін, техникалық құралдарсыз кешеннің айдалада жалғыз қаңырап тұрған жағдайын қазақстандықтар мен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа көрсеткісі келген.

Ол ең алдымен құны 900 000 тұратын жарамсыз тракторды сатып алып, Қостанайдағы қайта өңдеу кешеніне келеді. Бірақ зауытта тракторды қайта өңдейтін құралдар да, жұмысшы да жоқ болған.


-    Тракторды қайта өңдеуге әкелдік, өңдейсіздер ме?
-    Жоқ, істемейді ғой мынау, «все отпечетано, утилизация не было, нет ничего», деп жауап берді зауыттағылар.

Кешенді күзетушілер  қайта өңдеу құралдарының жоқтығы мен мүлде қайта өңдеумен айналыспағанын мәлімдеді.

 

Ауыл шаруашылық техникаларын қайта өңдейтін кешеннің қаңыраған зауыт екенін, нағыз жемқорлықтың үңгірі екеніне көзі жеткен Боқаевтар Қарағандыдағы  жалғыз Алия Назарбаеваның "RecyclingCompany" зауытына келеді. Ондағы күзетшілер қайта өңдеуге қабылдамайтынын, зауыттың жұмыс істемейтінін айтқан.

Бұл кешеннің құрылысы 2021 жылы желтоқсан айында әкімдікпен және auto Recycling компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған, сондай-ақ мемлекеттен 5 миллиард теңге қаражат бөлінген.

Бастапқыда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Қостанай облысының әкімінің қатысуымен бұл обьектінің тракторлар мен комбайндарды қайта өңдеуге, металды тасымалдауға арналғанын жариялап, қолданысқа берілетінін мәлімдеген.

Соңында есептен шығарылған тракторды металл қабылдайтын кәсіпорынға әкеліп, өлшетіп, 1 кг 85 000 тг-ге өткізген. Жалпы көлемі 217 450 тг-ні құраған. 

Боқаев металл қабылдайтын кәсіпорындар тұрғанда, жұмыс істемейтін қайта өңдеу зауытының не қажеті бар екенін айтты. Сонымен қатар бұл тұста мемлекеттің қалай үнсіз қалып кететіне таңғалуда.

Ал жергілікті халық техникалардың бағасының шарықтап кеткеніне шағымдарын айтуда.. Ұлттық астық жинайтын ESSIL-760 комбайндардың құны бір жыл бұрын 66 750 000 тг құраса, қазір 135 250 000 теңгеге өскен.

Loading...