Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Шымкентте құлдықта болған өзге ұлт өкілдері табылды

Шымкенттегі кірпіш зауытының қожайындары физикалық күш көрсетумен қорқытып, ұстап келген.

Шымкентте құлдықта болған өзге ұлт өкілдері табылды

Шымкентте құлдықта болған Өзбекстан азаматтары табылды, - деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

14 қазанда Алматы қалалық ПД-ның "102" арнасына Ақтөбе қаласының тұрғынынан арыз түсті. Арыз беруші Өзбекстан азаматы, ағасы еңбек құлдығынан қашып құтылып, өзінің жанына Алматыға келгенін жеткізді. Оның айтуынша, бұған дейін оны Шымкенттегі кірпіш зауытының қожайындары физикалық күш көрсетумен қорқытып, ұстап келген.

Алайда белгісіз біреулер қайтадан інісінің ізіне түсіп, қара түсті BMW көлігімен ұрлап кетіпті. Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, Алматы және Шымкент қалаларының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірлескен арнайы жедел іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары, үш ер адам ұсталды. Олар кірпіш зауытының иелері, екеуі ағайынды бауыр болып шықты.

Тінту жұмыстарын жүргізу кезінде жедел уәкілдер екі зауыттың аумағынан 60-тан астам шетелдікті тапты, олардың барлығы көрші Өзбекстаннан келген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шетелдіктер зауытқа жұмысқа шақырылғаны анықталды. Содан кейін, олардың құжаттарын тартып алып, жалақы берілмегені және үнемі физикалық зорлық-зомбылық көрсетіліп, корқытып ұстағаны белгілі болды. Бүгін де 25 шетелдік жұмысшы "Сана-сезім" қоғамдық бірлестігінің қамқорлығында болса, 30-дан астам азамат жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-тарату орталығына орналастырылды. Полицияға күдіктілерге қатысты шетелдік азаматтардан үш ресми арыз түсті.