Байден Израильде

Израиль Америка президентінің келуіне байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті.

АҚШ президенті Джо Байден Тель-Авивке қонды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент ұшағы Израильдегі Бен Гурион әуежайына жергілікті уақыт бойынша 10:51-де қонды», - делінген хабарламада.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Еврей мемлекетінің президенті Ицхак Герцог Байденді әуежайда күтіп алды, деп хабарлады Израиль үкіметінің баспасөз қызметі.

Израиль Америка президентінің келуіне байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті. 

Yediot Ahronot газетінің хабарлауынша, сапарды қамтамасыз етуге 1,5 мыңға дейін полиция қызметкері жұмылдырылған.

Loading...