Кремль Путиннің денсаулығына қатысты сұраққа жауап берді

Песков Путинге ұқсас адамның бары туралы қауесеттерді де "жалған ақпарат" деп атады.

Ашық дереккөз

Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Ресей президентінің денсаулығына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлады taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кремльдің ресми өкілінен Путиннің "жүрек ауруына" қатысты шетелдік БАҚ-тардағы жарияланымдарға пікір білдіру сұралды.

"Онда бәрі жақсы, бұл кезекті жалған ақпарат", - деп жауап берді ол.

Песков Путинге ұқсас адамның бары туралы қауесеттерді де "жалған ақпарат" деп атады.

Шетелдік басылымдар Путиннің "жүрегі ауыратыны" туралы жазды. Атап айтқанда, ұлыбританиялық ірі таблоид The ​​Mirror.

Loading...