Ұлттық қор енді студенттердің оқу ақысын төлей ме?

18 жасқа дейін баланың өз шотындағы ақшаға тағы қандай дүниелерді жасауға болады?

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін қаржыға шетелдегі оқу ақысын төлеуге болатынын айтты.
 

18 жасқа дейін баланың өз шотындағы ақшаға тағы қандай дүниелерді жасауға болады?

Бұл қаражатты баланың білім алуына, ипотекалық жарна төлеуге, қарыздарды жабуға, баспана алуға жұмсауға беріледі. Бала кәмелет жасқа толғаннан кейін ғана алушылар санатына көшеді. Алушылар ретінде заңды өкілдер мен мұрагерлер де бола алады. 18 жасқа толғаннан кейін көрсетілген қаражат баланың есепшотына аударылады. Қаражат 10 жыл бойы алынбаса, баланың зейнетақы жинағына аудару мүмкіндігі бар. Қазақстан азаматтығы жойылған кезде төлемдерге талап қою мүмкіндігі жойылады. Қаржы бала 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл бойы сақталады. Жобаның операторы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры", – деді ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков.

 

Loading...