Израиль ядролық қару қолдана ма? - Елшілік жауап берді

“Израиль халықаралық заң бойынша жұмыс істейтін ел”.

Израиль СІМ Еуразия және Балқан мәселелері жөніндегі бас директорының орынбасары Симона Гальперин Астанадағы баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Астанадағы баспасөз мәслихатында журналистер Израиль СІМ өкілінен ХАМАС-пен шайқас ушығып жатса, қақтығыс ядролық соғысқа ұласуы мүмкін деген мәліметке түсініктеме беруін сұрады.

«Ешқашан олай болмайды. Ондай сөзді айтқан адам қазір мемлекетте отырған жоқ... Премьер-министр де, оның адамдары да... Бұл өте айқын, тура жауап деп ойлаймын. Израиль халықаралық заң бойынша жұмыс істейтін ел», –  деді елші.

 

 

Loading...