Мәзір

Нағыз ер адамға тән 5 қасиет

Адам болу және шын мәнінде, батыл ер, азамат болу екі түрлі нәрсе екендігін шатастырмау керек.

Нағыз ер адамға тән 5 қасиет Нағыз ер адамға тән 5 қасиет

Көпшілік адамдар ерлік, ер, азамат болу кез-келген ер адамның өзгермейтін қасиеті деп есептейді. Алайда, бұл нақты ұғым емес. Биологиялық тұрғыдан сипаттамалардың болуы нағыз еркек болуды анықтамайды. Кейбір жағдайларда тіпті бала да еркек сияқты әрекет етуі мүмкін. Біз Құранның сүресінен араб тіліндегі  «раджул» (ер адам) сөзінің қолданыс аясын қарастырдық. Айтылмыш ұғым біз сөз еткелі отырған ер адамның /тақырыптың/ мінездемесі және қасиетімен тығыз байланысты. Мәселен, Құран мынадай бес ерекшелігі мен қасиеті немесе соның бірнеше қасиеті болған адамды «ер, азамат» деп атаған. Бұл туралы Muslim.kz баспасы мәлімдейді.

1. Жүрегімен мешітке байланған әрі өзін рухани тұрғыдан таза ұстауды жақсы көреді.

Құдіреті күшті Ұлы Жаратушы осы жайында Құранда былай деген: «Алғашқы күннен тақуалық негізде салынған бұл мешітте намаз оқу әлдеқайда артық. Ол жерде тазалықты жақсы көретін адамдар бар. Алла да тазаланғандарды жақсы көреді».

Құранда мешітте «тазалануды ұнататын адамдар бар» дейді: олар мешітке келеді, тазаланады /жуынады/ және осы үшін сауап алады. Алла Тағала оларды жақсы көреді, өйткені, олар «тазаруды жақсы көреді». Осылайша, бұлар – шынайы ерлер деп аталудың құрметіне ие болған  нағыз ерлердің бастапқы белгісі. Әсіресе, қоғамда ерліктің шынайы мағынасынан айрылып әрі барлық нәрсенің Жаратушысы Аллаға деген сенімін жоғалтқан кезеңде осы санаттың адамдарын мешіттерден байқауға болады.

2. Олар үнемі Алланы еске алып, дұға етеді.

«(Бұл нұр) Алланың жоғары бағаланып, ішінде өз атының зікір етілуіне бұйырған үйлерде болады. Онда ертелі-кеш оны дәріптейді. Өздерін сауда-саттық; Алланың зікірінен, намазды орындаудан, зекет беруден тоспайтын адамдар бар. Олар, жүректер мен көздердің қозғалатын күнінен қорқады».

Алланың үйінде немесе мешітте болғандар – ықыласты адамдар. Оларды өткінші дүние мен оның қызыл-жасылы алаңдатпайды, оларды тұрлаусыз тіршілік ризық пен өмірді сыйлаған Жаратқан Иені еске алудан алшақтатып жібермейді. Олар Алланың бәрінен артық екендігін түсінеді, өйткені, бұлардың бәрі өтпелі, тек Жаратушы мәңгілік. Ең алдымен, олар Аллаға бойұсынып, өздеріне қалаған әрі нәпсілеріне ұнайтын нәрселерді емес, Жаратушыға ұнамды амалдарды орындайды. Бір күні Абдулла ибн Омар (р.а.) базарда болған кезде, намазға азан шақырылады, сондықтан барлық саудагерлер дүкендерді жауып, жұма намазына мешітке барған. Ибн Омар былай дейді: «Аятта Алла Тағаланы еске алудан  сауда-саттық ешбір тоспайтын ерлер туралы насихат айтылады».

Алладан қорқатын  тақуа адамдар туралы аталмыш аятта: «Олар, жүректер мен көздердің қозғалатын күнінен қорқады», яғни Қиямет күні адамдардың жүректері мен көздері қорқыныштан қозғалған қорқынышты күн болады», – деп түсіндірілген.

3. Олар Алланың тура жолынан таймайды.

Ұлы Жаратушы  Құранда біз нағыз ер деп атайтын сенушілердің  келесі бір тобын былайша сипаттайды: «Мүміндерден, Аллаға деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды. Және кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады.

Құранның кейбір тәпсіршілері бұл аятты Әнас бин ал-Надраға (р.а.) қатысты айтылған деп зерделейді. Әнас Бәдір шайқасына қатыса алмай қапаланып, қатты өкінеді. Егер ол басқа шайқасқа қатысар болса, егер ол пайғамбармен бірге иық тіресе күресу үшін жауға жарамды болса, онда Алла оның мүмкіндігін көреді. Ухуд шайқасында Сағд бин Муаз оған: «О, Әбу Амр! Сіз қайдасыз?», – деп сұрады.Ол: «Мен жұмақтың жұпар иісін Ухуд тауынан сезіп тұрмын», – деп жауап береді. Әнас бин ал-Надр Құрайш тайпасының басқа дінсіздерімен батылдықпен шайқасып, ізгі жолда қаза тапты. Қайтыс болғаннан кейін денесінде сексеннен астам  кесілген жаралар табылды, оның әпкесі бауырын тек саусағының ұшы арқылы ғана таныды. Айтылмыш оқиғалардан кейін осы аят түсірілген, бұл мәселе  Имам Ахмедтің «Муснад» кітабында да баяндалған. Өкінішке орай, қазіргі таңда көптеген мұсылмандар Аллаға деген сүйіспеншілігі мен Хақ жолындағы табандылығы мен адалдығын, ықыласын жоғалтып алған. Осылайша, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  сахабалары Әнас пен көптеген өзге сахабалары Аллаға берген анттарына  әрдайым адал болып, опасыздық жасамаған, уәдесін табанды орындап, анттарын бұзбаған. Ислам бізге осылайша  Алла Елшісі (с.ғ.с.) мен оның саңлақ сахабаларының хақ жолындағы  ерен еңбектерінің нәтижесінде таза әрі нәзік жолмен жетті.

4. Олар Алланың Елшілерін қолдайды және қорғайды.

Құранда айтылған нағыз ерлердің келбетіне, басты қасиетіне, олар Алланың жіберген елшілеріне және халықты тура жолға шақырған адамды үздіксіз қолдап, қорғайтыны баяндалған. Тіпті бұл амалдары үшін тіршілікте ешкімнен ешнәрсе күтпейді, материалдық пайданы да ешбір көздемейді. Ұлы Жаратушы қасиетті Құранда: «Қаланың шетінен біреу жүгіріп келіп: «Әй, қауымым! Елшілерге ілесіңдер», –деді. «Сендерден ақы сұрамайтын кісілерге еріңдер. Олар тура жолда», – деген.

Ибн Ысқақ осы оқиға турасында былай дейді: «Бұл қаланың халқы өз елшісін өлтіруге бел буып жатқанда, қаланың шалғай шетінен бір адам елшіге көмекке келеді. Хабиб есімді бұл адам арқандар жасады. Ол алапеспен ауыратын әлсіз адам еді, бірақ өте ықыласты, ізгі адам болатын әрі табысының жартысын қайырымдылыққа беретін игі жан еді».

Адамдар оны  қатты ұрып-соққаны соншалықты,  оның ішектері  артқы жағынан  шығып кетеді, алайда Алла Тағала оған: «Жұмаққа кір!» – деді. Ол жәннатқа кіріп, сол мекендегі барлық нығметтің рақатты дәмін татты. Алла оның  бүкіл аурулары мен  қайғы-қасіретінен айықтырды. Демек, нағыз ер адам өздерін Алланың  тура  жолына шақыратын пайғамбарларына көмекші ретінде қызмет етуі керек. Ол адамдардың елшілерді мойындап, олардың тура жолына  шақыруына құлақ асуына назар аударуы тиіс. Алланың пайғамбарларын қолдау және қорғау замандастармен шектелмейді. Әрбір шыншыл адам  өз ғасырында бұл қажетті амалдарды тиісінше жасауы шарт.

5. Олар қиын кезеңде мүміндерді қолдайды, сақтандырады.

Құранда баяндалған ерлердің бесінші және соңғы қасиеті, ол –өзіне  қиын кезеңнің өзінде де мүміндерге қолдау көрсетуі. Келесі  кезекте Мұса пайғамбарға (ғ.с.) көмекке келген адамның оқиғасы жайындағы аяттарды қарастырайық. «Қаланың шетінен бір адам жүгіріп келіп: «Әй, Мұса! Бастықтар сені өлтіруге кеңесіп жатыр. Дереу шығып кет! Шынында, мен саған қамқорларданмын», – деді. Бұл адам қысқа жолды басып, Мұсаның (ғ.с.) амандығы үшін батылдық танытып, пайғамбарға келіп, қауіптің алдын ескертті. Егер де осы ізгі адам Мұса пайғамбарға келіп, төнген қауіптің алдын алмағанда, пайғамбарды көкіректері кек пен дұшпандыққа толған дінсіздер аяусыздықпен өлтірер еді. Әрқайсымыз өзімізді осы адамның жағдайында елестетіп, өз-өзімізден сұрай аламыз: «Мен оның орнында болсам, осыншалықты ерлік көрсете алар ма едім? Ұстап алу немесе өлтірілу қаупі бола тұра, Алланың елшісіне ескерте алар ма едім?». Ақиқатында, дұрыс деп санайтын нәрсені істеуге қорықпау үшін асқан ерлік пен батылдық қажет. Демек, адам болу және шын мәнінде, батыл ер, азамат болу екі түрлі нәрсе екендігін шатастырмау керек. Оның үстіне, әрбір мұсылман өзін Құранда көрсетілгендей, бойына нағыз ердің асыл қасиеттерін дамытуға, яғни, жүрегі мешітке байланған, өзін тазартуды қалайтын, үнемі Алланы еске алып, дұға ететін, Алла жолында тұрақты түрде жүріп, Алланың елшісін қорғайтын, қауіпте болса да тура жолдағыларға қолдау көрсететін  шынайы  мүмін ердің  тұлғасын қалыптастыруы маңызды.

Апта талқысында: