logo
search
menu

Путин Қазақстанға АЭС салып бере ме?

Президент АЭС құрылысы жөніндегі түпкілікті шешім референдум қорытындысы бойынша қабылданатынын айтты.
8 қараша, 2023
Путин Қазақстанға АЭС салып бере ме?

Мазмұны

    Ресейлік БАҚ-қа сұхбат берген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі АЭС құрылысы жөнінде айтып өткен, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

    – Елімізде АЭС салуға қатысты түрлі пікір айтылып жүр. Бір жағынан, Қазақстанның атом энергетикасын дамыту әлеуеті мол. Еліміз табиғи уран өндіру көлемі жөнінен әлемде бірінші орын алады. Сондай-ақ ядролық отын компоненттерін өз елімізде өндіреміз және уранды изотопты байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізе аламыз. Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығарылады, – дейді президент.

    Тоқаев е​​​​кінші жағынан, көптеген азаматтар мен сарапшылар атом станциясының қауіпсіздігіне күмән келтіретінін атап өтеді. Семей ядролық сынақ полигонының ауыр қасіретін ескерсек, мұны түсінуге болатынын жеткізеді.

    – Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесінде Ресей тарапының жәрдем беру ұсынысын жоғары бағалаймыз. Әйтсе де АЭС құрылысы жөніндегі түпкілікті шешім референдум қорытындысы бойынша қабылданады, – делінген сұхбатта.

     

     

    user

    Інжу Өмірзақ

    Taulik.kz тілшісі