10 жылға қамалған Бишімбаев неге түрмеден ерте шықты?

Бишімбаев 1 жыл 3 ай 13 күн қалған өтелмеген жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сотқа өтініш жолдады.

Шымкент соты жемқорлық үшін он жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың неліктен босатылғанын айтты. 

Астана соты, соттың 2018 жылғы 14 наурыздағы үкімімен Қуандық Бишімбаевтың мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына шеттетіліп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 

"Жазаны өтеу 2017 жылдың 10 қаңтарында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылған сәттен бастап есептелді. Президенттің 2019 жылғы 13 ақпандағы Жарлығымен Қуандық Бишімбаевқа рақымшылық жасалып, оның жазасы 10 жылдан 4 жылға дейін қысқартылды", - делінген хабарламада.

Бишімбаев 1 жыл 3 ай 13 күн қалған өтелмеген жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сотқа өтініш жолдады. Сот оның шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы заң талаптарын толық қанағаттандырғанын атап өтті.

“Ол мерзімінің 2/3 бөлігін өтеген, мекеме әкімшілігімен оң сипатталған, төрт ынталандыру болған, қасақана заң бұзушылықтар болмаған, 1,5 миллион теңгеден астам процестік шығындарды өтеген. Осылайша, Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысымен Бишімбаевтың арызы қанағаттандырылды. Ол пробациялық бақылауға алынды. Ал жаза мерзімі 2021 жылдың 9 қаңтарында аяқталды", - делінген хабарламада.

Loading...