Мәзір
15 қараша, 2023 / Інжу Өмірзақ / Жаңалықтар

Әскери алаңда жаңа қызмет пайда болды

2025 жылы билік екі мыңға жуық резервтегі әскерлерді шақыруды жоспарлап отыр. Оларды ұстауға жылына 3,5 миллиард теңгеден астам қаражат қажет.

Әскери алаңда жаңа қызмет пайда болды Әскери алаңда жаңа қызмет пайда болды

Қазақстанда әскери қызметтің жаңа түрі – запастағы ерікті қызмет пайда болады. Бұл туралы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов айтты.

«Заң мемлекетіміздің жұмылдыру дайындығын арттыруға бағытталған. Өздеріңіз білесіздер, экономикасы дамыған әлемнің бірде-бір жетекші мемлекеті әскерін толықтай сақтай алмайды. Бұл өте қымбат. Осының негізінде резервтегі қызмет басымдыққа ие болады»,- деді Жақсылықов.

2025 жылы билік екі мыңға жуық резервтегі әскерлерді шақыруды жоспарлап отыр. Оларды ұстауға жылына 3,5 миллиард теңгеден астам қаражат қажет.

Заң жобасында:

запастағы əскери қызметке кіретін адамға запаста əскери қызмет өткеретін əскери қызметші (бұдан əрі –  запастағы әскери) мəртебесін беру;запастағы әскери қызметке іріктеу және қабылдау тетігі;запастағы әскери қызметкердің құқықтары мен міндеттері;запастағы әскери қызметті өтеу тәртібін;әлеуметтiк қамсыздандыру және әскери қызметшiлердiң барлық түрлерiн үстемеақылармен қамтамасыз ету;запастағы қызметтен босату.Сонымен қатар, заң жобасымен запастағы әскери қызметте болудың шекті жасы, запастағы әскери қызметшілерді даярлау және оның тәртібі, сондай-ақ запастағы әскери қызметшілердің қызмет ету кезеңінде залал келтіргені үшін жауапкершілік белгіленді.

Апта талқысында: