Шайтан ас ішеді: Сынық ыдысты неге пайдалануға болмайды?

Шындығында, ата-бабамыздың қайсыбір ырым-тыйымы болмасын, бекер шықпаған.

«Сынық ыдыстан ас ішпе» дегенді естіген боларсыз. Не үшін деп ойланып көрдіңіз бе? Үлкендер көбінде жауап беруден жалтарып жатады. 

Шындығында, ата-бабамыздың қайсыбір ырым-тыйымы болмасын, бекер шықпаған. 

Ыбырайым пайғамбар қонақ күтіп отырса, Ібіліс келіпті. Ыбырайым селк ете қалып: – Әй, малғұн! Сені кім шақырды? – дейді. Ібіліс: – Алла жырық ыдыстан маған дәм бұйыртқан. Кесесі кетік пен табағы жырыққа қонаққа мен келемін, – дейді. 

 

Ыбырайым дастарханға қараса, кетік ыдыс тұр екен. Жырық кесені алып, сыртқа лақтырып тастайды да: – Онда несібеңді сырттан ізде, – дейді. Содан бастап қазақ халқында «жырық ыдыстың кетігінен сайтан қосарлана ас ішеді» деген түсінік қалыптасқан деседі.

Loading...