Балаға Ибуфен мен парацетамол зиян ба? - Дәрігер жауап берді

Пульмонолог аналгиннің баланың бауырына, қан тамырларына зиян екенін жеткізді. Көп елдерде бұл дәріге тыйым салынғанын да алға тартты.

Танымал ибуклин және анальгин препараттары  балалар үшін қауіпті, деп ескертті пульмонолог Олег Абакумов. Дәрігер өзінің Telegram-арнасында баладағы ЖРВИ-ны емдеу кезіндегі қауіпті әрекеттерді атады.

Кейбір ата-аналар баланың ыстығын түсірер кезде көп қателеседі. Соңында жедел - жәрдем шақырып, ауруханаға баруға мәжбүр болады, дейді дәрігер.

Негізгі қателіктердің бірі - температура ең жоғары деңгейге көтерілгенше күту. Дәрігер баланың жағдайына назар аударуға, егер ол өзін нашар сезінсе қызудың әбден көтерілгенін күтпеуге шақырды. 

«Арақ немесе сірке суымен баланың үстін сылауға тыйым салынады! Олар -улы. Тері арқылы баланың ағзасын бүлдіреді», - деді дәрігер.

Пульмонолог аналгиннің баланың бауырына, қан тамырларына зиян екенін жеткізді. Көп елдерде бұл дәріге тыйым салынғанын да алға тартты. 

Аспиринді де бала жасөспірім кезге жетпейінші беруге болмайды. 

Ибуклин преппараты - өте зиян. Себебі ибуфен мен парацетамол қосылған дәрінің құрамы мен мөлшерін өлшеу мүмкін емес. ЖРВИ кезінде баланы аралас дәрілермен емдеуді доғару керек. 

Дәрігер Жаңа Зеландия ғалымдары парацетамол мен ибуфенді салыстырып, екеуі де қызу тез түсіретіні дәлелденді. Алайда, екеуін бір уақытта қабылдауға, және рұқсат етілген дозамен ғана беруге болатынын тілге тиек етті.

Loading...