logo
search
menu

Актер Асқар Наймантаев дүниеден озды

2 желтоқсан күні танымал театр актерінің мәңгілік сапарға аттанғанын дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали хабарлады.
2 желтоқсан, 2023
Актер Асқар Наймантаев дүниеден озды

Мазмұны

    2 желтоқсан күні танымал театр актерінің мәңгілік сапарға аттанғанын дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали хабарлады.

    "Тамаша" ойын-сауық театрының әзілкеші, актер Асқар Тайманбаев дүниеден озды. 

    "Асқар ағамыз бақиға аттаныпты. Қайран асыл ер… Алла алдыңнан жарылқасын", – делінген өнер иесінің желідегі парақшасында. 

    Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев  1965 жылы 17 маусым күні Алматы облысы  Нарынқол ауылында дүниеге келген. Актер «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал. Республикамыздың эстрада өнерінің тарихында Асқар Наймантаев ашқан «Терісқақпай», «Аққу-Гәкку» комедиялық театрларының орны ерекше. 

    Бірнеше пьеса, киносценарийлер, тележобалардың, аудармалардың авторы. 2020 жылы Алматы облысы Райымбек және Ұйғыр аудандарында «Хантәңірі» және «Қарадала» театрларын ашты.

    user

    Інжу Өмірзақ

    Taulik.kz тілшісі