Мәзір

КІМГЕ «СІЗ» ДЕП СӨЙЛЕУІМІЗ КЕРЕК?

Жазба қоғамдағы өзекті мәселенің бірі баланың ата-анамен қарым-қатынасы турасында

КІМГЕ «СІЗ» ДЕП СӨЙЛЕУІМІЗ КЕРЕК? КІМГЕ «СІЗ» ДЕП СӨЙЛЕУІМІЗ КЕРЕК?
www.fool.com

                       Бүгінгі ой соңғы кездері өте көп байқалып жүрген дүние адамдардың біраз бөлігі өз ата-анасына сен деп сөйлеуі. Қарап отырсаңыз қызы да баласы да “әкесі мен анасына” сен деп сөйлейтін қоғам болды. Кейбіреулерге сіз деп неге айтпайсың десең олай айтуына ата-анасы қарсы еместігін алға тартады. Бірақ қай адам өзіне”сіз” деп сөйлегеннің бетін тырнап, шашын жұлған? Керісінше сіз деу махаббатты арттырып, бұрынғы қатынасыңызды шыңдап, сыйластығыңыздың орнын толтырары хақ екені белгілі емес пе? Осы жасыңызға дейін бір де бір рет “сіз” деген сөзіңізді неге қия алмадыңыз? Сені бақты-қақты, өсірді, алға сүйреді. Сен деп анаң түнін төрт бөлді, әкең ел кезіп, қара суықта тоңған күйде ақша тапты. Сені оларға “сіз” деп сөйлеуіңнен не тыйды?Жұмыс табуың үшін бастықтарға сіз деп сөйлеуің әкеңе сіз деп сөйлеп, оның разылығын алуыңнан хайырлы деп ойлайсың ба? Жігітке жағуың үшін, қызды сындыруың үшін оған сіз деп сөйлеуің анаңа сіз деп сөйлеп оның разылығын алуыңнан хайырлы деп ойлайсың ба? Ұстазыңа ақылды, ілімді көрінуің үшін оған сіз деп сөйлеуің анаңа сіз деп сөйлеп оның разылығын алуыңнан хайырлы деп ойлайсың ба? Көршіңе мейірімді көрінуің үшін оған сіз деп сөйлеуің әкеңе сіз деп сөйлеп оның разылығын алуыңнан хайырлы деп ойлайсың ба? Жарыңның разылығын іздеуің үшін оған, оның ата-анасына сіз деп сөйлеуің өзіңнің туған “әкең мен анаңа” сен деп сөйлеуің оларға қатты тиеді деп ойламайсың ба? Рас-ақ... Бәрімізде жалғыз әке мен ана бар. Өзіміздің басымыздағы проблеманы біз ұғына алмаған дүниені жүрекпен ұғынып, біз үшін оң шешімін табатын солар ғана. Біреулерде әке де ана да жоқ. Бәлки сенің әкеңнің не анаңның разылығы сен құр сөз деп біліп, елемей жүрген “сіз” деген сөзің шығар. Сіз деп сөйлес, жиі қуант, көңілдерін көтер, мейірімді бол,күлімдеп разылығын ал. Біл, сенің әкең мен анаң жалғыз. Олардан бір күні ажырайтыныңды, оларды өз қолыңмен қабірге қоятыныңды естен шығарма...

 

АТА-АНАҢЫЗДЫ КІМ ДЕП АЙТАСЫЗ? СІЗ ӘЛДЕ СЕН?

                 

Апта талқысында: