Білім беріп өмірге бастадыңыз,
Тәрбиелеп ұстазым жақтадыңыз.
Пейнеттің сіз көріңіз зейнетін бұл,
Қуанышта атып әрбір ақ таңыңыз.
Зейнеткерлік жасыңыз құтты болсын,
Ұлағатты ұстазым ақ жүректі.
«Амандықта, саулықта болыңыз» деп,
Шын жүректен арнаймын ақ тілекті.
Зейнет жастың сезіңіз бар бақытын,
Гүл көктемдей ұстазым жайнап жаның.
Немерелер ортасында шаттаныңыз,
Жандүниеңді тербелеп, шырқап әнің.
***
Жүйрік уақыт мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесіне жетті. Осындай кемел кезеңге тың жігермен, емен-жарқын көңілмен келдіңіз. Адам баласының өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі болса керек. Ал 63 жастың орны мүлдем ерекше. Әрбір адамның өзіне тән өмір жолы, тыныс-тіршілігі болады. Десе де сіңірген еңбегі, көрген бейнеті мен татқан зейнеті, шыққан асу-белестері әр қилы. Өнегелі өмір жолында сыйластық пен достықтың үлгісін көрсетіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді дәріптеп жүрген сізге деген құрметіміз зор. Қызмет жолында қажыр-қайратыңыз арқылы абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді таныта білдіңіз. Мерейлі мерекеңіз құтты болсын! Ғұмырыңыз ұзақ болсын деп тілек білдіреміз!
***
Кейбір ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса, тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.
Бүгінгі туған күн иесі емен ағашы секілді өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалығын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер екенін зейнет жасына үлкен абыроймен келіп тағы бір дәлелдеп отыр. Сіз өз мамандығыңыздың қоғамдағы рөлінің маңыздылығын тек ұжым ішінде ғана емес, өзге де адамдар арасында дәлелдей білдіңіз. Еңбек етудегі кәсібилігіңіз мәртебеңізді арттырғаны анық. Сіздің жастар үшін үлгі болатындай еңбек жолыңыз кімге болса да тәлім-тәрбие берері мәлім. Өміріңізге барша жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш тілеймін! Ой-мақсаттарыңыздың жүзеге асуына тілектеспін!
***
Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы әже деген атты иеленіп жүре беріңіз! Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын!
***
Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, ұл-қыздарыңыздың ортасында бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті жүз есе, мың есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілеймін!
***
Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайын-туыстың құрметіне, немере мен шөберелердің шу-күлкісіне, ұл-қыздарыңыздың қуанышты шақтарын ғана көріп, әдемі ғұмыр кешіңіз!
***
Даналығы дария жанды зейнетке шыққан жасымен құттықтаймын! Отбасыңызға береке-бірлік, ұзақ ғұмыр тілеймін! Өмір көшінің алдыңғы сабында ақылшымыз болып жарқырап жүре беріңіз!