Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қарашада жасалған мәмілелер саны қазан айымен салыстырғанда 0,7%-ға артты, ал жылдық өсім 24,3%-ды болды. Барлығы 39 421 жылжымайтын мүлік сатып алу-сату келісімі тіркелді.
Қай өңірлер көш бастап тұр?
Қарашада баспананы қай өңірде ең көп сатып алды:
Павлодар облысы – 18,5%-дық өсім;
Түркістан облысы – 15,9%-дық өсім;
Алматы облысы – 15,2%-дық өсім.
Абай облысында жағдай керісінше: мәмілелер саны 20%-ға төмендеген.
Көп сатылған жылжымайтын мүлік түрлері
Барлық мәмілелердің 79%-дан астамы пәтерлерге тиесілі. Барлығы 31 256 пәтер және 8 165 жеке үй сатылған.
Қарашада пәтерлерге сұраныс 2,6%-ға артты. Бұл қазан айына қарағанда 803 пәтерге көп. Ал жеке үйлерге сұраныс, керісінше, 6%-ға азайған.
Жеке үйлердің саудасы бойынша көшбасшы өңірлер:
- Алматы облысы – 1 022 мәміле;
- Алматы қаласы – 553 мәміле;
- Шымкент – 367 мәміле;
- Астана – 115 мәміле.
Қандай пәтерлер сұранысқа ие:
- Екі бөлмелі пәтерлер – 11 881 мәміле;
- Бір бөлмелі пәтерлер – 11 801 мәміле;
- Үш бөлмелі пәтерлер мен үйлер – 6 241 мәміле.
2023 жылғы қарашамен салыстырғанда, мәмілелер саны 24,3%-ға артқан. Ең үлкен өсім келесі өңірлерде байқалды:
Батыс Қазақстан облысы – 56,7%;
Шымкент – 47%;
Павлодар облысы – 45%.
Қазақстанның баспана нарығы қарқынды дамып, өңірлер арасындағы айырмашылықтар айқын көрінуде. Бұл нарықтағы белсенділік тұрғындардың әл-ауқатының артуына және елдегі экономикалық тұрақтылыққа байланысты. Алайда өңірлік теңсіздіктерді азайту және ауылдық жерлерде қолжетімді баспана мәселесін шешу маңызды проблема болып қала береді.