Үнді азаматына күйеуге шыққан қарағандылық келіншек Дина Таңсәрінің "НемолчиKZ" қорынан көмек сұраған. Қарағандылық әйел ол азаматтың қинап, ұрып-соғып, аштықта ұстап отырғанын айтып көмек сұраған, деп жазады Taulik.kz.
Қордың басшысы Дина Таңсәрінің айтуынша, олар Калькуттада үш баласымен тұрады.Балаларының ең үлкені 10 жаста, 3,5 жаста және 1 жастан асқан.
Егер менің осы жерден шығуға қандай да бір мүмкіндігім болса, өтінемін, көмектесіңіздерші. Мен мұнда өлгім келмейді. Балаларымның алдағы өмірі жақсы болса екен деймін. Балаларым күйеуімнің маған жасаған шабуылы мен неше түрлі затты лақтырғанына қарап өсіп жатыр, - деп жазған қарағандылық келіншек.
Үнді азаматы отбасын құрғанға дейін өзін мүлде басқа адам ретінде көрсеткен. Бірақ үйлі болғаннан кейін 4 жыл бойы әйелді ұрып-соғып, тұншықтырып, шабуыл жасаған. Тіпті балаларын да ұрып, білім алуларына мүмкіндік бермеген.
Мұндай қиын жағдай кез келгеннің басына түсуі мүмкін. Бұл жерде мемлекеттің көрсететін көмегі болуы керек. Ол біздің елдің азаматы емес пе? Сыртқы істер министрлігі мен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, сондай-ақ Қазақстанның Үндістандағы елшілігінен көмек сұраймыз. Адам құқықтары және балалар құқықтары жөніндегі омбудсмендердің де бұл жағдайға назар аударғаны дұрыс, - деп жазды "НемолчиКЗ" қорының басшысы Дина Таңсәрі.
Әйел Үндістаннан қалай да болсын кетудің амалын іздеп жатқанын айтқан.
Әйел жұмыс істеп, балаларын аяққа нық тұрғыза алады. Бірақ кішкентай балаларының визасы жоқ, ал үлкенінің визалық режимі біткен, - деп жазды Дина Таңсәрі.