Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатайтуды тапсырды, деп хабарлайды Taulik.kz.
"Мемлекет басшысы ретінде мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны күшейтуді талап етемін. Жол инфрақұрылымының, ғимараттардың, киім-кешектердің, балалардың тамақтануының қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығы маңызды», - деді Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.
Президент білім беру ұйымдарында психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейтіп, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырып, зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің тиімді бағдарламасын әзірлеу қажет деп санайды.
"Әр баланың ажырамас құқығы - сапалы мектеп білімін алу құқығы. Ал бұл жерде "сапа" сөзі басты орын алады. Сондықтан білім сапасын жүйелі түрде арттыру, мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру қажет", - деп қорытындылады Мемлекет басшысы.