logo
search
menu

Түркістанда газ баллоны жарылды: 14 жасар қыз ауыр жағдайда

Науқастың жағдайы ауыр
6 қыркүйек, 2023
Түркістанда газ баллоны жарылды: 14 жасар қыз ауыр жағдайда
ашық дереккөзден

Мазмұны

    Түркістан облысында газ редукторы ақауы салдарынан күйік алған қыз ауыр жағдайда, деп хабарлайды Taulik.kz.

    Оқиға Шұбарсу ауылында болған. Алдын ала нұсқа бойынша, қыз тұрмыстық газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуінен зардап шекті. Жарылыстан кейін үйдің төбесі мен жиһазы жанып кеткен.

    Otyrar.kz мәлімдеуінше, дәрігерлер науқасты жедел жәрдеммен ауыр термиялық шокпен аудандық ауруханаға жеткізген.

    "Жәбірленушінің анасының айтуынша, бала газ плитасы жарылған кезде жарақат алған. Жарылыс газды жаққаннан кейін болды. Науқастың жағдайы ауыр. Ес-түссіз күйде", - дейді дәрігерлер.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы