Мәзір
12 қыркүйек, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Ресейдегі президент сайлауына Путинмен бәсекелестер кімдер

Ресейде президент сайлауы 2024 жылдың 17 наурызында өтеді

Ресейдегі президент сайлауына Путинмен бәсекелестер кімдер Ресейдегі президент сайлауына Путинмен бәсекелестер кімдер

Бұл сұраққа Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жауап берді, деп жазады Taulik.kz ақпарат агенттігі. 

Песковтың айтуынша, Путин сайлауға қатысу-қатыспауы туралы әлі нақты шешім қабылдамағанын айтты.

"Бірақ президент өз кандидатурасын ұсынады деп топшылайтын болсақ, елімізде бұл кезеңде ешкім онымен бәсекеге түсе алмайтыны анық", – деді ол РБК басылымына берген сұхбатында. 

Ал, сайлауға кандидаттыққа үміткерлерді таңдаудың қағидасының бірі олардың жасы болды.

Ресейлік шенеуніктер, тіркелген кандидаттар арасында 50-ден төмен саясаткерлердің болуы ресейліктерді 70 жастағы Путинді «билікке берік қолмен келген адам емес» деп ойлауға мәжбүр етеді деп санайды. 

Қазіргі уақытта Кремль сайлауға қатысуға ниеті туралы ресми түрде мәлімдемеген Путиннен басқа Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы, Либералдық-демократиялық партия және “Новых людей” парламенттік партияларының өкілдері бар екенін айтты.

Азаттық радиосының жазуынша, Геннадий Зюгановты Кремль Ресей Федерациясының Коммунистік партиясынан кандидат ретінде көреді. Қазір “Левада Центр” жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша Зюгановқа сенім рейтингі 3% болса, ВЦИОМ бойынша Ресей Федерациясының Коммунистік партиясының рейтингі 10%-ды құраған.

Кремльдегі талқы бойынша ЛДПР партиясынан Леонид Слуцкийді, “Новые люди” партиясынан Алексей Нечаевті кандидат ретінде көргісі келеді.

Нечаев өзінің орнына Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары Владислав Даванковты ұсынады. Алайда бұл кандидатура Кремльді қанағаттандырмайды. Бірақ Даванков 39 жаста және көпшілік алдында қалыпты түрде сөйлей алады. 

Сұхбаттасушылардың пікірінше, Даванковтың көп пайыз жинамайтыны анық, бірақ бұл кандидаттың Путинмен жас айырмашылығы жақсы ұпай жинауына мүмкіндік беруі мүмкін.

Апта талқысында: