logo
search
menu

Намаз кезінде баланы ұрған имам жұмыстан шығарылды

ҚМДБ түсіндіру жұмыстарын жүргізбекші
2 қазан, 2023
Намаз кезінде баланы ұрған имам жұмыстан шығарылды
ашық дереккөзден

Мазмұны

    Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылының мешітінде намаз кезінде баланы ұрып жіберген имам жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Taulik.kz.

    Имам оқиғадан соң баланың ата-анасы мен жұртшылықтан кешірім сұрады. Ал желі қолданушылары болса түрлі пікір білдірді.

    «Бала жүгірмек түгілі жылан шағайын деп жатқанда, намазын бұзбаған пайғамбардан үлгі алмаған ба?», «Жауапқа тарту керек», «Жауыз адам екен»,—деді олар.

    Қазіргі таңда ҚМДБ түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін хабарлады.

    «Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы дөрекі әрекеттерге жол берген діни қызметкерге шара қолданды. Бас мүфтидің бұйрығымен "Хидаят" мешітінің имамы қызметінен босатылды», – деп жазды ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігі.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы