Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, мұндай тізім бар, бірақ жарияланбайды, деп хабарлайды taulik.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.
БАҚ өкілі Ресей мен Украина арасындағы геосаяси қақтығыс басталғаннан бері Ресей тарапынан елімізге қарай біраз негативті пікірлер айтылғанын айтып, оларға қарсы қандай да шаралар жүргізіліп жатқанын сұрады.
"Әрине, біз тізім жасаймыз, алайда бұл - жұмыс тізімі. Мұны жариялай алмаймыз. Бұл жұмыс барысы..." - деп жауап берді Айбек Смадияров.
Сондай-ақ СІМ өкіл пікір иелеріне қандай шара қабылданатынын айтты.
"Шекара жабылады, кейін ол адам елімізге кіре алмайды", - дейді ол.