Велосипедші Рината Сұлтанова Азия ойындарында қола жүлдегер атанды

Азия ойындарынан Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде

ашық дереккөзден

Велоспорттан Қазақстан құрамасының мүшесі Рината Сұлтанова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Ол тайм сынағы жеке жарысында үшінші болды. Сұлтанова 18,3 шақырымды 25:36,10-да бағындырды.

Бірінші орынды Өзбекстан спортшысы Ольга Забелинская (24:35,99 м) нәтижемен, екінші орынды жапондық Эри Энамин (25:35,59 м) иеленді.

Loading...