Мәзір
3 қазан, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы меморандумге қол қойылды

Кәсіпкер әйелдерді жаңа мүмкіндік күтіп тұр

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы меморандумге қол қойылды Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы меморандумге қол қойылды

Visa мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша ынтымақтастық туралы хабарлады, деп жазады Taulik.kz.

Tengrinews.kz жазуынша, әйелдер кәсіпкерлігінің халықаралық конгресі аясында Visa, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен «ASMAR» Қазақстан кәсіпкер әйелдерінің ұлттық қауымдастығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«25 жыл бойы Visa елдегі цифрлық экономиканы құру, инновацияларды ілгерілету және кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан үкіметінің сенімді серіктесі болды. Біз Қазақстанның барлық өңірлеріндегі кәсіпкер әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер жасау үшін ынтымақтастығымызды кеңейтуге қуаныштымыз», - деп түсіндірді Виза-ның Орталық Азиядағы және Әзірбайжандағы вице-президенті және аймақтық менеджері Кристина Дорош.

Бизнестегі әйелдерді қолдау Visa компаниясының аймақтағы басым бағыттарының бірі болып табылады: 2023 жылдың қазан айында әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған She’s Next, Empowered by Visa жаһандық бастамасының үшінші толқыны жарияланады.

Апта талқысында: