СҚО-да «artemia salina» шаянын заңсыз өндіргендер ұсталды

Бұл ҚР-дағы заңсыз өндірілген ең ірі іс

СҚО полицейлері СҚО бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп 15 тоннадан астам заңсыз өндірілген artemia salina шаянын тәркіледі, деп хабарлайды taulik.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл шаян тәрізділерді заңсыз өндірді деген күдік бойынша ҚР-дағы ең ірі ұстау. Artemia salina – Солтүстік Қазақстан облысының көлдері бай құнды табиғи ресурс. СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, СҚО прокуратурасының үйлестіруімен Мамлют ауданында рұқсат беретін құжаттарынсыз шаян тәрізділерді өндіруді ұйымдастырған солтүстікқазақстандықтардың тобын анықтап, ұстады.

Жазда тіркелген кәсіпорын аумағында және күдіктілердің бірінің жеке ауласында барлығы 15 тоннадан астам, оның ішінде 12 тоннадан астам қайта өңделген шаян тәркіленді.
 

Loading...