Балқашта бала зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Қазанның 3-і күні бөлімге Балқаш ауданының тұрғыны хабарласқан. Ол ауылдасының кішкентай қызына сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасалғанын айтты.
«Облыстық және аудандық полиция қызметкерлерінен дереу арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел қызметкерлер қылмыс жасады деген күдікпен 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады» делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі «Кәмелетке толмаған баланы зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.