logo
search
menu

Жүк көлігі самокат мінген 13 жасар баланы қағып, мерт қылды (ВИДЕО)

Жол апаты Алматының Тимирязев көшесінде болған.
4 қазан, 2023
Жүк көлігі самокат мінген 13 жасар баланы қағып, мерт қылды (ВИДЕО)
Видеодан алынған кадр

Мазмұны

    Алматыда жүк көлігі самокат жүргізіп келе жатқан жасөспірімді басып кетті, деп хабарлайды taulik.kz.

    Жол апаты бүгін сағат 15:55-те Алматының Тимирязев көшесінде болған.

    «Howo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, оңға бұрылғанда самокатпен батысқа қарай жүріп бара жатқан 2010 жылы туған Ж. есімді баланы қағып кетті. Алған жарақатының салдарынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды», - делінген полиция хабарламасында.

    Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

     

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы