logo
search
menu

Ұлттық компания Назарбаев яхтасын жарты миллиардқа сатып алды

“ҚазМұнайГаз” атынан сатып алынған.
5 қазан, 2023
Ұлттық компания Назарбаев яхтасын жарты миллиардқа сатып алды

Мазмұны

    Ұлттық компания "Назарбаев яхтасын" өзінің акционері "ҚазМұнайГаз" компаниясының атынан 488 миллион теңгеге сатып алды. Бұл туралы  Protenge Telegram-арнасы жазды.

    “Біз қызығы мұнай мен ірі жүктерді тасымалдайтын ұлттық компания неліктен кәдімгі қыдыруға арналған яхтаны сатып алған. Бұл яхта мұнай тасымалдауға жарамсыз екені анық”, – делінген жазбада. 

    Алайда "Қазтеңізкөлікфлоты" мекемесі бұл сұрауға жауап беруден бас тартқан.

    “Сондай-ақ Бас прокуратура мемлекеттік компанияның серуендеу яхтасын сатып алуға құқығы бар-жоғын және бұл яхтаның не үшін қажет екенін тексеру туралы сұраққа жауап берудің орнына өтінішті "Самұрық-Қазынаға" (ҚазМұнайГаздың негізгі акционері) бағыттаған. Демек бұл сатып алудың орындылығын ешкім тексермегенін білдіреді”, – делінген Protenge жазбасында. 

    user

    Інжу Өмірзақ

    Taulik.kz тілшісі