logo
search
menu

Қазақстанда қос азаматтықпен жүрген депутаттар анықталды

ҚР Конституциясында қос азаматтыққа тыйым салынған.
5 қазан, 2023
Қазақстанда қос азаматтықпен жүрген депутаттар анықталды
gov.kz

Мазмұны

    Қазақстанда мәслихат депутаттары арасында да қос азаматтығы бар адамдар анықталды, деп хабарлайды taulik.kz.

    Ulysmedia.kz мәліметінше, бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев хабарлаған. Ол 2022 жылы қос азаматтықтың 841 дерегі анықталғанын атап өтті.

    «Ал биыл қаңтар-қазан аралығында 525 қос азаматтығы бар адам анықталды. Қос азаматтығы барлардың арасында жергілікті өкілді органдардың депутаттары да болған жағдайлар бар», - деді Сенат спикері палата отырысында.

    ҚР Конституциясында қос азаматтыққа тыйым салынған. Қос азаматтық фактілері анықталған кез келген адам Қазақстан азаматтығынан айырылады.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы