Мәзір

ҚазҰУ-дағы жанжал: Министр жас маманға араша түсті

Бұл жағдай ҚазҰУ-да Кемел Тоқаев атындағы аудиторияның ашылуынан кейін болған.

ҚазҰУ-дағы жанжал: Министр жас маманға араша түсті ҚазҰУ-дағы жанжал: Министр жас маманға араша түсті

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің оқытушысы Дастан Қастайдың жұмыстан шықпағанын мәлімдеді.  

Жас маман Facebook парақшасында еш себепсіз жұмыстан шығарылғанын және университет оқытушыларға қысым көрсетіп жатқанын жазып, оқырманды шулатқан еді. 

Бұл жағдай ҚазҰУ-да Кемел Тоқаев атындағы аудиторияның ашылуынан кейін болған. 

Салтанатты шара барысында университет ректоры Жансейіт Түймебаев оқиғаны жазып жүрген журналистпен жанжалдасып қалды.

«Достар, ҚазҰУ-дың жас оқытушысы Дастан Қастайдың ашық хатына байланысты Әл-Фараби университеті басшылығына хабарласып, ұстаздарды жұмыстан қуып, қудалауға болмайды дедім. Дастан Қастайдың жұмыстан босатылмағанын және журналистика факультетінде жұмысын жалғастыратынын қуана хабарлаймын», - деп жазды министр.

Апта талқысында: