Шамам жоқ: Айнұр Тұрсынбаева ауруханаға түсті

“Ауырып жатсам да сіздерге жазып үлгеріп жатырмын. Демек әзір өлмеймін”

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ауруханаға түсіп қалды.

“Бүгін таңым жедел жәрдем шақыртудан басталды. Есесіне ауруханаға тегін жетіп алдым десем. Бірақ шындығында күлуге шамам жоқ. Сүйектерім қақсам, буындарым біртүрлі ауырып тұр. Жөтелсем қабырғам сынып кететін сияқты. Ауырып жатсам да сіздерге жазып үлгеріп жатырмын. Демек әзір өлмеймін”, – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Өзімен бірге анасы да ауырып, ауруханаға түскен.

“Бүгінгі тағы бір проблемам ешкім тамырымды таба алмады. Төрт медбике келіп жеті жерден тесіп тастады. “Тамырыңыз қашып, ұстатпайды” деді. Бесіншісі келіп әрең салды. Қызық иә?! Бүгін анам да жедел жәрдеммен кетіпті. Және оның да тамырын таба алмай, қатты қиналған екен. Ана мен бала бір адам”, – дейді ақын ойларымен бөлісіп.

Taulik.kz

Loading...