logo
search
menu

Мектеп оқушысы 14 жастағы қызды 9 рет зорлаған

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
10 қазан, 2023
Мектеп оқушысы 14 жастағы қызды 9 рет зорлаған

Мазмұны

    Түркістан облысында 14 жастағы мектеп оқушысын жоғары сынып оқушысы 9 рет зорлаған. Бұл туралы "НеМолчи" қоғамдық қоры мәлімдеді.

    "Мектептің жоғары сынып оқушысы кәмелеттік жасқа толмаған қызды пышақпен қорқытып, күштеп жыныстық қатынасқа түсірген. Қыз қорқып ешкімге айтпаған. Жоғары сынып оқушысы өз-өзіне қол салатынын және суицид жасауына қызды кінәлі етіп көрсететін хат қалдыратынын айтқан", – деді қыздың анасы.

     

    Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    user

    Інжу Өмірзақ

    Taulik.kz тілшісі