Талдықорғанда мектептердің бірінде 15 жасар оқушы қыздың жүкті екені анықталды, деп хабарлайды Taulik.kz Жетісу облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқушы қыздың жүктілігі туралы ешкім білмеген. Қыздың айтуынша, баланың әкесі әпкесінің жұбайы. Тоғызыншы сынып оқитын қыз колледжге түсу үшін медициналық тексерістен өткен. Оның жүкті екені тексеріс барысында анықталған.
«Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша тіркелді (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер). Іс материалдарында күдікті адам ретінде кәмелетке толмағанның 21 жастағы туысы деп көрсетіледі. Қылмыстық істің тергеу барысы облыстық тергеу басқармасының ерекше бақылауында», - деді Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.