Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы Taulik.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Арыстанбек Мұхамедиұлы сотқа жауап алу мақсатында тағы бір адамды шақыруды сұрады.
“Әбдуғани Беделханның қалай сотталғанын еске алайықшы. Бұл кезде арам пиғылмен жалған құжат дайындау, мөрді ұрлау байқалды. Мұнда да З.Г. өткен күнмен құжаттарға қол қойған. Сондай-ақ ол алып кеткен құжаттар Серік Қарымсақовта болды. Мұнда “Мұхаммедиұлының көзін құртып, түрмеге отырғызу керек” деген ойластырылған нәрсе тұр. Сол үшін З.Г.-ны шақыртыңыздар.”, – деді.
Ол, сондай-ақ, осыған дейін “пандемия кезінде сауық құрып, алкоголь ішіп, банкет өткізді” деп айтылған сөздерге дәлел келтіріп, чек-фактура ұсынуды талап етті. Дәлел болмаған жағдайда “жала жабу” бойынша арыз жазатынын мәлімдеді.