Мәзір

Балабақшадағы жанжал: 3 жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Сәби денесінің 25 пайызын күйік шалған.

Балабақшадағы жанжал: 3 жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр Балабақшадағы жанжал: 3 жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Балабақшада ыстық көже ішкен үш жасар қыз жансақтау бөліміне түсті. Оқиға Орал қаласында болған.

Orda.kz сайтының мәліметінше, сәби денесінің 25 пайызын күйік шалған. 

Оқиға «Балбөбек» балабақшасында болған. Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, ол оқиға туралы балабақшадан келген қоңыраудан кейін білген. Әйел тергеу жүргізіп, барлық кінәлілерді жазалауды талап етеді.

«Қызымның беті, қолы, аяғы, жамбасы күйіп қалды. Денесінде үлкен жаралар пайда болды! Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Балабақшаның бүкіл басшылығы мен аспаздары балаларды күйдіргені үшін жазаланса екен деймін. Қазір қызым жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр»,- дейді әйел әлеуметтік желіде.

Қыздың анасы мұғалімдер мен күтушілер қайда болды, олар баланың сорпаға күйіп қалуына қалай жол берді және неге сорпа сонша ыстық болды, деп таң қалды.

«Жедел жәрдем станциясына сағат 12:33-те қоңырау түсті. Мұғалімдер баланың байқаусызда үстіне қайнаған сорпаны төгіп алғанын хабарлады. Үш жасар қыздың басы, кеудесі, аяғының жоғарғы және төменгі жағы термиялық күйік алған. Ол қазір облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, медицина қызметкерлері оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр»,- деп түсіндірді Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

 

Апта талқысында: