LRT жобасы Қытайларға тапсырыла ма?

Қытай компаниясы жобаны соңына дейін аяқтап бермек.

LRT жобасы туралы маңызды сұрақтарға өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жауап берді, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Таяуда бұқаралық ақпарат құралдарында LRT жобасының бас мердігері қытайлық China Railway Asia-Europe Construction Investment екені жазылған болатын. Қытай компаниясы жобаны соңына дейін аяқтап бермек. Жалпы құрылысқа 1300 адам тартылса, оның 1000-ы қытай азаматтары.

– Бұл жоба Көлік министрлігінің қарауында. Мен шетелден қанша адам келіп жұмыс істейтінін нақты қарамадым. Бірақ ең алдымен, осындай үлкен жобаларды іске асыру үшін бізге технология, серіктестеріміз керек болады. Мысалы, біз қазір полиэтилен өндіретін зауыт Атырауда экономикалық аумақта салынады. Оны салатын Қазақстанда мамандар аз. Осы жобаны іске асыру үшін шетелден кәсіпкерлерді, мамандарды шақыруға болады. Ешқандай проблеманы мен көріп тұрған жоқпын,– дейді Қанат Шарлапаев.

Министрдің айтуынша, егер “біз өз экономикамызды, өнеркәсібімізді дамытамыз десек, технологиялық серіктестер бізге керек болады”.

– Сонымен, мен шетелдік мамандарды шақыруға қарсы емеспін. Бірақ технология трансфертін бізге жасауымыз керек. Ең алдымен, біз шетелдіктерден технологияны аламыз. Одан кейін Қазақстан азаматтары үйренгеннен кейін сол жұмысты істейді, – дейді Шарлапаев.

Loading...