«Ирина Кайратовна» тобының мобилографының неден қайтыс болғаны белгілі болды

Астананың денсаулық сақтау басқармасы жігіттің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

ашық дереккөзден

14 қазан күні Астанадағы «Ирина Кайратовна» тобының мобилографы концерт кезінде қайтыс болды. Жас жігіттің неден қайтыс болғаны жөнінде денсаулық сақтау басқармасы ақпарат берді, деп хабарлайды Taulik.kz.

Әлеуметтік желіде танымал қазақстандық «Ирина Кайратовна» тобының өкілдері мобилограф Шахназ Жылқайдаровтың қайтыс болғаны туралы хабарлады. 

Құзырлы органдар, Астананың денсаулық сақтау басқармасы жігіттің өліміне қатысты мәлімдеме жасады.

Алдын ала қойылған диагнозы - жедел геморрагиялық панкреатикалық некроз. Өлімнің нақты себебі токсикологиялық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады, деп хабарлады Астананың денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, 21 жастағы жігіт Астанадағы концерттің басталуына бірнеше минут қалғанда кенеттен қайтыс болған. 

Loading...