25 қазан митинг өте ме? - Министрлік жауап берді

Кейбір тіркелмеген ұйымдардың митинг өткізуіне жол бермейтінін де тілге тиек етті.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Республика күніне орай митинг өте ме деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Taulik.kz.

Министр 25 қазан күні митинг болмайтынын атап өтті. Бұл кезекті қауесет екенін де айтты. 

"Желідегі мұндай видеоларды көрмедім. Бірақ бізде жұртшылық әскерилерді көрсе соғыс басталды деп, полиция қызметкерлерін көрсе қандай да бір митинг болып жатыр деп ойлайды. Бүгін әлі 17 қазан. Сондықтан кімнің қайда қозғалып неге дайындалып жатқанын білмеймін. Біз қазір мереке күні болатын барлық іс-шаралардың тізімін сұрап жатырмыз. Сол бойынша қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеміз", - деді Лепеха үкімет брифингінде.

Кейбір тіркелмеген ұйымдардың митинг өткізуіне жол бермейтінін де тілге тиек етті.

"25-не митингке шығуға өтініш білдіргендерге келетін болсақ, ҚДТ мүшелерінің шақырулары бар. Алайда олар Қазақстан аумағындағы қызметі заңсыз болып табылатын экстремистік ұйым болғандықтан, әрине, біз олардың ешқандай митингіне жол бермейміз", - деп қосты Лепеха.

Loading...