Билікті сынап жүрген журналист Думан Мұхаммедкәрім "тыйым салынған ұйым ісіне араласу" және "экстремизмді қаржыландыру" баптары бойынша күдікке ілінген. Бұл туралы Азаттық радиосы мәлімдеді.
Тәуелсіз журналист Думанға мұндай айыптың тағылу себебі оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты екен.
Әблязов құрған ҚДТ қозғалысын Қазақстан билігі "экстремистік ұйым" деп танып, қызметіне ел аумағында тыйым салған. Ал Еуропарламент қарарында ҚДТ-ны "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деген.