Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Әйелі тиіседі: Жұбайының үстінен шағымданатын еркектер көп

Қоғамда қорлық көретін тек әйелдер емес, көптеген еркектер де бар.

Әйелі тиіседі: Жұбайының үстінен шағымданатын еркектер көп

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха әйелі тиісіп, күйеуі арыз жазатын отбасылар да бар екенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.

Қоғамда қорлық көретін тек әйелдер емес, көптеген еркектер де бар. Олар өз әйелдерінің үстінен біраз арыз жазған.

– Ондай жағдайлар кездеседі, әлбетте нонсенс деп бағаласақ та. Десе де бар. Әйелінің үстінен арыз жазатындар бар. Әртүрлі факт кездеседі. Балаларына ата-аналары, ата-аналарына балалары шағымданады. Жалпы ондай арыздардың шамамен үлесі 10 пайыз, – дейді Лепеха Үкіметтің баспасөз орталығында.