logo
search
menu

Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне тағы 30 млрд аударды

8 жылға сотталған кәсіпкер Боранбаев өз еркімен ынтымақтастыққа келуге бекінген.
Бүгін, 22:25
Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне тағы 30 млрд аударды

Мазмұны

    Кәсіпкер Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне тағы 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды, деп хабарлайды, Taulik.kz.

    8 жылға сотталған кәсіпкер Боранбаев өз еркімен ынтымақтастыққа келуге бекінген.

     

    “Қайрат Боранбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол өз еркімен тергеумен ынтымақтасу ниеті туралы мәлімдеген. Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды”, – делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

    user

    Інжу Өмірзақ

    Taulik.kz тілшісі