Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Халық: Өз елімізде өсірсек те нанды неге қымбат аламыз?

Қазақстандағы нан сапасы жағынан Өзбекстандағымен бірдей ме? Сондықтан бұл жерде мәселе өте күрделі

Халық: Өз елімізде өсірсек те нанды неге қымбат аламыз?

Қазақстанда өзге елдерге қарағанда нан неге қымбат? Бұл сұраққа Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев жауап берді, деп хабарлайды Taulik.kz.

"Неге біз өз елімізде өсіріп, ұн өндірсек те, нанды қазақстандық бидайдың негізгі импортшысы болып табылатын Өзбекстаннан да қымбатқа аламыз?" – деп сұрады журналистер Сенат кулуарында.

Сауда вице-министрі сұраққа жауап беру үшін "Өзбекстан наубайханаларының шығыны мен қазақстандық наубайханалардың шығынын қарау керек" деп түсіндірді.

"Бұл жерде әрбір кәсіпорынның экономикалық негіздемесі қамтылған. Яғни, қандай да бір өнім шығарған кезде ел ішіндегі барлық шығын есептеледі: электр энергиясы, салықтар және басқа шығындар қарастырылады. Бірдей заттарды салыстыру керек, Қазақстандағы нан сапасы жағынан Өзбекстандағымен бірдей ме? Сондықтан бұл жерде мәселе өте күрделі", - деп түсіндірді Қайрат Төребаев.