Мәзір

Несиесін төлей алмай 12 адам өз-өзіне қол жұмсады

Игор Лепеха несиенің салдары өліммен аяқталып жатқанын да жасырмады.

Несиесін төлей алмай 12 адам өз-өзіне қол жұмсады Несиесін төлей алмай 12 адам өз-өзіне қол жұмсады

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха несие халықты тым әлсіретіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.

Қазіргі таңда әлімізде несиені қай банктен болсын алу оңай. Алайда әр адам алмастан бұрын, төлей алатынына нық сенімді болуы қажет.

Игор Лепеха несиенің салдары өліммен аяқталып жатқанын да жасырмады. 

"Әрине, несиені рәсімдеу кезінде адам оны қайтара ала ма, жоқ па – ойлануы керек, бірақ қаржылық сауаттылықтың төмендігіне байланысты адамдар алды-артын бағамдай бермейді. Салдарында қарызы көбейіп, оны төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда несие алушылар тек суицид қана емес, түрлі қылмыстар жасаған фактілер де болды. Биыл 12 азамат өз-өзіне қол жұмсады (Алматы қ., Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстары). Қыркүйек айының соңында осындай фактілердің бірі бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды", - деді ол.

 

 

Апта талқысында: