logo
search
menu

20 мың полиция: Республика күні қалай өтпек?

Кеңіспаев бұл күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскерлерінің саны 20 мыңға жететінін атап өтті.
23 қазан, 2023
20 мың полиция: Республика күні қалай өтпек?

Мазмұны

    Қазақстан полициясы Республика күніне байланысты күшейтілген тәртіпке көшпек. 
    Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Әкімшілік полициясы бастығының орынбасары Әлібек Кеңіспаев мәлімдеді.

    Кеңіспаев бұл күндері қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскерлерінің саны 20 мыңға жететінін атап өтті.

    «Әр облыстағы әкімдіктермен бірлесе отырып, мәдени-көпшілік шараларды өткізу орындары келісіліп, құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарының есебі дайындалды» деді ол.

     

    user

    Інжу Өмірзақ

    Taulik.kz тілшісі