Чехияның астанасы Прагада бір долларлық купюрадан жаңбыр жауды. Бұл туралы Taulik.kz хабарлайды.
Бұл қызық жайтты Kazma атты блогер ұйымдастырған.
Басында Kazma өзінің түпнұсқа фильміндегі кодты шеше алатын кез келген адамға миллион доллар беруге уәде етті.
Алайда, бұл жұмбақтың мәнін шешкен адам болған жоқ.
Содан кейін блогер уәде етілген ақшаны өзінде қалдырмауға уәде беріп, жаңа байқау жариялады. Жексенбі күні таңертең Kazma өзінің веб-сайтында тіркелген жазылушыларға шифрланған орынды электрондық пошта арқылы жіберді. Ол Прагадан 30 шақырым жердегі егістік алқап болып шықты.