«-10 градус аяз»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Ашық дереккөз

«Қазгидромет» 26-28 қазанға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады taulik.kz.

Синоптиктердің мәліметінше,  алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Қар жауып, көктайғақ болады және төменнен жел тұрады.

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 5-10 градус аяз болып, күндіз ауа температурасы -2+3 градусқа көтеріледі. Батыс пен оңтүстікте күндіз 10-18 градус жылы болады. Шеткі батыс өңірлерде және республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда ауа температурасы 2-7 градусқа дейін төмендейді.

Loading...