Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен қараша айының алғашқы екі күнінде Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.
Ал 2 қараша күні мемлекет басшысы мен Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан мен Мажарстанның сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығын одан әрі кеңейтуге қатысты келісөз жүргізеді деп жоспарланып отыр.
Ал 3 қараша күні өткізілетін жиынға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан президенттері және ТМҰ-ға бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстан көшбасшылары қатысады.