ҚР Президенті Әкімшілігінің экс-мемлекеттік инспекторы Евгений Глотов Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады taulik.kz.
Евгений Глотов еңбек жолын «Қазақстан жастары конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінде бастады. Әр жылдары «Ауыл жастары одағы» қоғамдық бірлестігінде, «GP group» ЖШС және тағы да басқа мекемелерде жұмыс істеді.
2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы қызметіне тағайындалды. Осы жылдың қазан айынан 2016 жылдың қазан айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болды.
2016 жылғы қарашадан 2019 жылғы сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті.
Соңғы жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.
Астана әкімінің орынбасары болған Ерлан Бекмұрзаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.