Мәзір

Шахтерлардың қазасы: Назарбаев жауапкершілікке тартыла ма?

Бұдан бұрын Тамара Дүйсенова осы жылдар ішінде «АрселорМиталл Теміртау» кәсіпорындарында еңбекті қорғау шарттары қадағаланбады деген уәжбен келіспейтінін айтты.

Шахтерлардың қазасы: Назарбаев жауапкершілікке тартыла ма? Шахтерлардың қазасы: Назарбаев жауапкершілікке тартыла ма?

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев  «АрселорМиттал Теміртау» шахталарындағы трагедиялар үшін қылмыстық болмаса да, моральдық жауапкершілік арқалай ма? Үкіметте бұл сұрақ бүгін вице-премьер Тамара Дүйсеноваға қойылды.

«АМТ кәсіпорнын тиын-тебенге сатып, 100-ден астам адамның өліміне жол берген Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық болмаса да, тым болмағанда жеке моральдік жауапкершілік арқалауы керек пе? Қалай ойлайсыздар?», - деп сұралды Үкімет мүшелерінен.

«Экономикалық байланыстардың бәрі үзіліп, жұмыс орындарын, кәсіпорынды сақтау қиынға айналды. Қазір де сондай мәселе қойылып отыр. Біздің жағдайда қазір кәсіпорын әлем экономикасына интеграцияланған. Ол кезде  бүкіл байланысты үзген едік. Сондықтан ол кезде де  шетелдік инвесторды тартып, кәсіпорынның жұмысын қамту керек еді. Қазір ол кезде дұрыс немесе бұрыс шешім қабылданды деп айта алмайтын шығармыз. Қазір ол кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Енді әрі қарай жұмыс істей беруі керек», - дейді Дүйсенова.

Бұдан бұрын Тамара Дүйсенова осы жылдар ішінде "АрселорМиталл Теміртау" кәсіпорындарында еңбекті қорғау шарттары қадағаланбады деген уәжбен келіспейтінін айтты.

"Мен мүлдем келіспеймін. Тиісті тексерулер болды. Бас прокуратурамен бірлесіп жұмыс істеген комиссиялар болды. Бұл - қауіпсіздік мәселелері бойынша өзіндік ерекшелігі бар зиянды өндіріс. Көптеген проблемалар болды, инспекция осы жылдар бойы нұсқаулықтар берді. Жұмыс жүргізілді, бірақ өкінішке қарай, нұсқаулықтардың орындалуы осындай нәтижеге әкелді", – деді вице-премьер.

Апта талқысында: