67 қазақстандық Газадан шыға алмай отыр

Газадан кетудің жалғыз жолы Египет арқылы өтетіндіктен кейбір қиындықтар туындағанын мәлімдеді.

Израиль Сыртқы істер министрлігі Еуразия және Балқан мәселелері жөніндегі бас директорының орынбасары Симона Гальперин Астанада өткен брифинг барысында Қазақстан азаматтарының Газа секторынан шыға алмай отырған себебін айтты.

"Израиль тарапынан оларды эвакуациялауға ешқандай кедергі жоқ, керісінше, біз оларға Газадан кетуге белсенді түрде көмектесеміз. Дегенмен, Газадан кетудің жалғыз жолы Египет арқылы өтетіндіктен кейбір қиындықтар туындады. Үш апта ішінде Египет шетелдік азаматтардың Газадан кетуіне жол бермеді. Тағы бір мәселе – шығуға болатын адамдардың санына шектеулер –  олардың саны 500-600 адаммен шектеледі", – деді Израиль СІМ өкілі.

Симона Гальперин қазіргі уақытта Газа секторында 240-тан астам Израиль азаматы, сондай-ақ мыңдаған шетелдік азаматтар бар екенін атап өтті. Ол ХАМАС олардың Газадан шығуына тосқауыл қойып, оқ атуды белсенді түрде жалғастырып жатқанын айтты.

Loading...